27 жастағы рэпер қатты шаршаудың әсерінен сахнада көз жұмды

295

0

Сурет: Instagram/costatitch

Оңтүстік африкалық 27 жастағы рэпер Коста Титчтің өлімінің себебі белгілі болды. Ол сахнада созылмалы шаршаудан қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат әртістің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

«Біздің команда мен отбасы оның өлімінің нақты себебін анықтау үшін патологтармен тығыз байланыста болды. Зерттеу нәтижесі, оның жүрегіне тым көп стресс пен шаршаумен күшейген жүктеме түскенін көрсетті. Осының бәрі оның өліміне алып келді», – делінген хабарламада.

Рэпердің шын аты-Костантинос Цобаноглу. Ол 2023 жылы наурызда Йоханнесбургтегі Ultra музыкалық фестивалінде өнер көрсету кезінде сахнада құлағаннан кейін қайтыс болды.

Рэпердің жанкүйерлері жазба астына көңіл айтты:

– Ол біздің жүрегімізде мәңгі тірі 

– Егер ол бірнеше концерттен бас тартқанда, бұндай оқиға болмас па еді…

– Міне, бұл бізге демалыстың маңыздылығын көрсететін бірден-бір белгі

Бұған дейін, Ресейде танымал рэпер Оксимиронға іздестіру жарияланғаны хабарланған болатын. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<