Бүгінде «көгілдір отынға» қосылған қызылордалық абоненттер саны 88 мыңға жетті. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалының дәстүрлі есеп беру жиынында филиал директорының міндетін атқарушы Нұрлан Құрманбаев осылай деді.
2015-2019 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама 109 процентке орындалды. Бағдарлама шеңберінде Қызылорда, Арал, Байқоңыр қалалары мен Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттерін газдандыру жұмысы атқарылды. Былтыр жабдықтар күрделі жөндеуден өткізілді.
– Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін аймақта газбен қамтамасыз ету жөніндегі халыққа қызмет көрсету орталығы іске қосылды. Газды пайдалану қауіпсіздігі жөнінде ақпарат құралдарында ескерту түріндегі материалдар жарияланып келеді, – деді Н.Құрманбаев.
Филиал биыл тұтынушыларға сапа, тиімділік, сенімділікті ескере отырып қызмет көрсетуді, инвестициялық бағдарламаны орындауды жалғастырады.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.