Акция аясында сайыс жеңімпаздары марапатталды

162

0

Бүгін Қызылорда қаласында Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің «Студенттер сарайында» Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен «Біздің денсаулығымыз – өз  қолымызда!» атты жоғары, орта арнаулы, орта оқу орындарының студенттері мен оқушыларына арналған акциясы өткізілді. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Акцияның негізгі мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға баулу болып табылады.
Жыл басынан Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен ұйымдастырылған есірткіге қарсы облыстың оқу орындарының студенттері мен оқушылары арасында өткізілген «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін…» тақырыбында эссе жазудан, «Берік отбасы – есірткіден алыс!» ұранымен отбасылар арасында эссе жазып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау сайысы, черлидинг спорт – сауықтыру би сайысы, «Мен өмірді қалаймын!» тақырыбында өткізілген отандық, патриоттық әндерді орындау сайысы, есірткіге қарсы үгіт бригадалар сайыстарының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған 173 сайыскер бағалы сыйлықтармен, 233 сайыскер Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында жалғасын тапқан мерекелік концертте аталған сайыстардың жеңімпаздары өз өнерлерін көрсетті.

Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».