Алматы аумағында қатты жер сілкінісінің болмау ықтималдығы 70% – ТЖД

204

0

Фото: Stan.kz

Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы алдағы күндерге болжам жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаменті Алматыдағы қуатты зілзаладан кейін «Алдағы уақытта күшті жер сілкіністері болады ма?» деген сұраққа жауап берді.

«Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында күшті жойқын жер сілкіністері 70% ықтималымен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді», – делінген хабарламада.

4 наурызда (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болып сезілді.

Сондай-ақ опперациялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылдың 04 наурыз күні 12 сағат = 20 минутта Алматы болжамалы полигонда сейсмикалық жағдай тұрақты екенін айтты.

Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады. Келесі отырыс 6 наурызда сәрсенбі күні өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<