Ана мен бала денсаулығы басты назарда

488

0

Фото: Облыстық перинаталдық орталық

Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылы жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша бірқатар дәрігерлер шетелде тәжірибе жинап, біліктіліктерін арттырды. Сонымен қатар, перинаталдық орталық базасында шетел мамандарының қатысуымен семинар, мастер-класстар жүргізілді.

Орталықтың дәрігерлері шетелде біліктілігін арттырды

Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы, Д.О. Отта атындағы Акушерия, гинекология және репродуктология ғылыми – зерттеу институтында, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен:

УДЗ дәрігері Нұртазаева Дана Махмұтқызы Ресей, Санкт-Петербург қаласында «Жүктіліктің 1 және 2 триместрінде хромосомалық патологияның ультрадыбыстық маркерлері. Пренатальды диагностика әдістері» тақырыбында, Генетик-дәрігер Махамбетова Рима Викторовна Ресей, Санкт-Петербург қаласында «Медициналық генетиканың заманауи аспектілері және перинаталдық диагностика әдістері» тақырыбы бойынша өз білімдерін шыңдады.

Түркия мемлекетті, Стамбул қаласында, республикалық бюджет есебінен:

I акушерлік бөлімшесінің меңгерушісі Бимаганбетова Лаззат Шермахановна «I.A.U VM Medical Park Florya» госпиталында «Акушерліктегі қарқынды терапия» тақырыбында, Анестезиология-реаниматология және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Әуезбеков Асқар Айдарұлы «LIV» госпиталында «Акушерліктегі қарқынды терапия» тақырыбында, Неонатолог дәрігер Дауренбаева Лаура Асхаровна «Medipol Mega» госпиталында Неонатологиядағы қарқынды терапия» тақырыбында біліктілік арттыру курстарынан сәтті өтті. Шұғыл акушерлік жағдайлар бойынша мастер-класс өтті.

Облыстық перинаталдық орталығында «Жедел акушерлік жағдайларда симуляциялық жабдықтарда мануальды дағдыларды игеру» тақырыбы бойынша халықаралық мастер-класс өткізілді. Мастер-классты медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер акушер-гинеколог, Мәскеу Денсаулық сақтау департаменті №67 перинаталдық орталығының басшысы Сергей Мартиросян және медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер акушер-гинеколог, Мәскеу Денсаулық сақтау департаменті №67 перинаталдық орталығы клиникалық-сараптамалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, М.В.Ломоносов атындағы ММУ іргелі медицина факультетінің акушерия және гинекология кафедрасының ассистенті, халықаралық репропуктивті медицина мамандары қауымдастығының мүшесі Ольга Перевозкина жүргізді.

Неонатологтар мен реаниматологтарға арналған семинар өткізілді

Облыстық перинаталдық орталығында

«Infant Flow Sipap» жүйесінің Avea, Vela, Sensormedics, Bellavista инвазивті емес желдету аппараттарының тыныс алу қолдау туралы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды Vincent Medical холдингінің вице-президенті Дэвид Вонг жүргізді.

Осы іс-шаралардың барлығы дәрігерлердің біліктілігін арттыруға, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізуге, сондай-ақ Қызылорда облысында жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<