Ақтөбе облысында жігіт қыздың үйіне балконнан кіріп пышақтап өлтіріп кеткен

613

0

Фото: Дина Таңсәрінің Facebook парақшасынан

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында Ақтөбе облысында эндокринолог қызды белгісіз ер адам өлтіріп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Дина Таңсәрі полиция департаменті «Адам өлтіру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткенін айтады.

«Қыз – эндокринолог. Мамандығын 9 жыл оқыған. Белгісіз бір жігіт оның артынан аңдыған. Кеше балконнан шығып, қызды пышақтап кеткен. Туыстарының айтуынша, ол қыздың көлігін ұрлап әкетіп, артынша жол-көлік апатына түскеннен кейін ұсталған. Отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Иманды болсын», – деп жазды қоғам белсендісі өзінің фейсбук парақшасында.

Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиевтің айтуынша, қаза болған әйел – дәрігер. Ол еңбек демалысында болған.

«Әйел адамның пышақ жарақаттары түріндегі зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар мәйіті табылды. Ұстау кезінде күдікті қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Қудалау кезінде күдікті бірнеше автокөлікті соғып, Ақтөбе-Болгарка жолында аударылды. Күдікті ұсталды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<