Ғарышкерлер күніне волейболдан турнир өтті

321

0

Байқоңыр қаласында Ғарышкерлер күніне орай волейболдан ардагерлер арасында дәстүрлі ашық турнир өткізілді. Жарысқа бес ерлер, екі әйелдер командалары бақ сынасып, үздіктер анықталды.

 Нәтижесінде ерлер арасында 1-орынды Байқоңырдың «Ветеран» командасы алса, екінші орынды Байқоңыр қаласының «Коммунальщик», үшінші орынды Қызылорда қаласының «Ардагер» командалары еншіледі.

Ал әйелдер арасында Байқоңыр қаласының «Комета» командасы – бірінші, «Байқоңыр» командасы – екінші орындарды иеленді.

 «Үздік шабуылшы» номинациясымен Владимир Ворон (Байқоңыр, «Ветеран» командасы), «Үздік қорғаушы»  – Жұмахан Нұртазаев (Қызылорда «Ардагер» командасы), «Үздік байланыстырушы» – Бақытбек Кеңесов (Байқоңыр «Коммунальщик» командасы) марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегер командаларға диплом, медаль, естелік сыйлықтар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<