Астана – Бейжің рейсі іске қосылады

355

0

Фото: ашық дереккөз

Air Astana Қазақстанның бас қаласынан Қытай астанасына 18 наурыздан бастап қайта ұшады, деп хабарлайды Egemen.kz әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18 наурыздан бастап аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) Астанадан Бейжіңге ұша бастайды. Жаз мезгілінде ұшу жиілігі ұзарады. Жолаушыларды A321LR ұшағы тасымалдайды.

Сондай-ақ 2 наурыздан бастап әуекомпания Алматыдан Бейжіңге ұшатын рейстерді аптасына төрт ретке дейін ұлғайтады, ал жаз мезгілінде күн сайын ұшуды жоспарлап отыр. Алматы мен Бейжің арасындағы әуе желісіне Airbus A321LR және Airbus A321neo алыс аймақтарға ұшуға арналған ұшақтар қатынайтын болады», делінген хабарламада.

Air Astana деректері бойынша 2002 жылдан 2020 жылға дейін осы бағыт бойынша 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<