Ақтан батыр ауылында абаттандыру қарқынды жүріп жатыр

290

0

Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаев биылғы жылы халықты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында аудан көлемінде жүргізіліп жатқан абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән беріп, бұл бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың барысын үнемі бақылауда ұстап келеді.
Осыған орай, аптаның сәрсенбі күні аудан басшысы Ақтан батыр ауылындағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысып қайтты.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында елді-мекен тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстарды «Сыр Маржаны» ЖШС-гі атқаруда.
Ақтан батыр ауылын абаттандыру жұмыстары екі кезеңге бөлінген. «Сыр Маржан» ЖШС-гі ауылдың орталық алаңы мен көше бойын абаттандыру, кеспе тастар төсеу, түнгі жарық шамдарын орнату, орындық пен қоршаулар, кіші архитектуралық формалар мен темір беседкалар және автобус аялдамаларын орналастыру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, балалардың ойын алаңқайын салады.
Осы мақсатта айта кетейік, қоғамға қажетті нысандар салуға ниетті серіктестік өз қаражаты есебінен Ақтан батыр елді мекеніне көп салалы сауда орындарын және қосымша жарық шамдарын орнатуды жоспарлаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<