Аудан әкімі жұмыстан кетті

223

0

Облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде аймақ басшысы жүктелген тапсырманы тиісті деңгейде орындамаған жағдайда қатаң шара қолданылатыны туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Үш жыл жұмыс ішінде жұмыс сапарлары мен жиындарда, кездесулерде дереу орындалуы тиіс тапсырмаларды жүктеймін, алайда сапасыз, тиісті деңгейде емес және кешіктіріліп жүзеге асырылады. Сондықтан жұмыстан босатуға дейін қатаң тәртіптік өндіріс қолданылады. Себебі, әрбір тапсырманың артында экономикалық жағдайдың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру тұр», – деп атап өтті облыс әкімі.
Болат Бақауов өткен аптада Ертіс ауданына жұмыс сапарымен барғанда тапсырмалардың басым бөлігі қағаз жүзінде қалатындығына куә болғанына тоқталды.
«Ауданның көрсеткіштерін жақсартудың орнына төмен түсіп кеткен. Жеке меншік инвестициялар өте аз тартылады, барлығы облыстық бюджеттің есебінен. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бос тұрған үйлерді қалыпқа келтіру жүргізілмеген. 10 көп балалы отбасы баспанаға мұқтаж. Біз облыстық бюджеттен қаражат бөлуге дайынбыз. Алайда, екі жылдың ішінде тапсырма орындалмаған. Нәтижесінде Ертіс ауданының әкімі Серік Батырғожинов жұмыстан кету туралы өтініш жазды және мен оны қабылдап, қол қойдым, Президент әкімшілігіне жолдадым» – деді аймақ басшысы.
 Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қала әкімі Әнуар Күмпекеевке қатаң сөгіс жариялағаны туралы хабарлаған болатынбыз.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<