АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

342

0

Жер бусанып, диқандардың егістікке кірісер кезі де жақындады. Осыған байланысты Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Омархан Пашкенов пен мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Арыстанбек Омаров интернет-конференция өткізіп, осы жылы межеленіп отырған жұмыстармен таныстырды.
Биыл 177100 гектар ауыл шаруашылық дақылдарын егу көзделіп отыр. Осыған дейін аймақта  91000 гектар жерге егілген күріш дақылы осы жылы 10000 гектарға азайып, мал азығы дақылдары 60000 гектарға, картоп дақылдары 17750 гектарға егіледі. Әртараптандыру бағдарламасына сәйкес биыл майлы дақылдарды 7000 гектарға дейін жеткізу көзделіп отыр. Күріш егу сәуір айының жиырма бесіне дейін аяқталады, қазір де ол үшін  21000 тонна тұқым тазаланып қойған. Көктемгі егістікке қажетті фосфорлы  тыңайтқыштарды Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қазфосфат» зауытынан, ал азотты тыңайтқыштар Өзбекстан мен Ресейден тасымалданады. Жыл бойы пайдаланылатын тыңайтқыштардың көлемі 54000 тонна.
Сонымен бірге, Шиелі ауданында ашылған «Мөлдір и Құс» құс фабрикасы былтыр 3 жарым миллиондай жұмыртқа өндірген. Облыс аумағындағы «Самұрық құс» фабрикасы да осы бағыттағы өндірісті жолға қойған. Ендігі үлкен жоба Қармақшы ауданына құс фабрикасы іске қосылғанда жылына 1500 тонна құс етін өндіріледі.
Асыл тұқымды мал өсіру былтырғы жылмен салыстарғанда өскен.  Ірі қара – 15%, қой – 7%, жылқы – 8%, түйе – 9%-ке артқан. Шиелі ауданында 1100 бас мал өсіріп, сүт өндірісімен айналысатын  қожалық жұмыс жасап келеді.
                                                                                          Жансая ҚЫДЫРБАЙ,
                                          Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<