Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бойынша өтініштер тыңдалды

288

0

Бүгін Қызылорда облысының ауыл шаруашылық және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Бәйімбетов Ғалым Орынбасарұлы партияның облыстық филиалы алаңында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келушілер «Ауыл аманаты» жобасы аясындағы қарастырылатын жеңілдіктер, шаруа қожалықтарындағы ірі қара мал басына бөлінетін субсидиялар және ем алу шараларына байланысты әлеуметтік көмек көрсету жайындағы мәселелерді қозғады.

Ұсыныс-пікірлері тыңдалғаннан кейін қабылдауға келген азаматтарға «Ауыл аманаты» жобасы жайында толық түсініктеме беріліп, қолжетімді несие алу мүмкіндігі мол екені түсіндірілді.

Биылғы жылға жобаны іске асыру үшін Сыр өңіріне 3 млрд теңге қаржы қаралған. 18 шілде күні құжаттарды қабылдау басталып, шешімді комиссия мүшелері қабылдайтыны айтылды.

Сонымен қатар шаруа қожалықтарына мал басына, бордақылауға және селекцияға берілетін субсидиялар туралы түсіндірді. 25 бас сиыр және 1 асыл тұқымды бұқасы болса әр ірі қара мал басына 10 мың теңге көлемінде субсидия берілетіні айтылды.

Ем алу шараларына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуін өтінген тұрғындарға демеушілерге мәселені жеткізіп, хабарын айтатынын түсіндірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<