Қазақ ұлттық консерваториясына жаңа ректор тағайындалды

244

0

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Арман Әділханұлы Жүдебаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Арман Әділханұлы 1986 жылы 17 қыркүйекте Алматы облысы Қапшағай қаласында дүниеге келген.
Ахмет Жұбанов атындағы дарындағы балаларға арналған музыкалық орта мектеп интернатының түлегі. 2004 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық музыка факультетінің домбыра мамандығы бойынша және 2005 жылы қосымша дирижерлау мамандықтарына оқуға түсіп, үздік бітірген. 2009 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистратура ғылыми-педагогикалық бағытында 6М040500-дирижерлау мамандығы бойынша конкурс негізінде мемлекеттік грантына ие болып, 2011 жылы Өнертану магистрі академиялық дәрежесін алады.
2009-2013 жылдар аралығында аталмыш оқу орнында оқытушы қызметімен қатар, студенттік ұлт аспаптары оркестірінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері қызметін атқарады.
2013 жылдың кыркүйегінен бастап Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері қызметін атқарған.
«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<