Қазақстан Азия ойындарындағы 15-ші медаліне қол жеткізді

225

0

Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында Қазақстан 15-ші медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 15-ші медальді байдарка мен каноэ есуден Қазақстан командасының мүшесі Александр Куликов жеңіп алды. Ол ескек есудегі «слалом» бағдарламасы бойынша үздік үшінші орынға табан тіреп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Жекелей сында өнер көрсеткен Куликов жапон және қытай спортшыларына ғана жол берген. Осылайша, Александр Куликов Қазақстан қоржынын  15-ші медальмен толтырды. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы ел қоржынына 14-ші медалді салғанын жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<