Қазақстандықтар Үндістанда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуде

256

0

Қазақстандық туристер су астында қалған Үндістан тұрғындарына көмектесіп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Үндістанда су тасқынынан 400 адам көз жұмды. 3,5 мыңнан астам адам із-түссіз жоғалды. Қазақстандықтар азық-түлік пен киім-кешек, керекті заттар алып барды.

Елдегі Керала штатында су тасқыны он күннен бері тұрғындарды әбігерге салды. Жергілікті билік құлыпты ашып, су ағызуға мәжбүр болды. Оның салдары бір жарым млн адамға тиді. Олар дүние-мүліксіз қалды. Бұл ел тарихындағы ең сорақы су тасқыны болды.

Адамдарды тікұшақпен құтарды. Марқұмдар саны нақты емес. Шығынды өтеуге бір жарым млрд доллар қажет.

Босқындарға сол маңға жақын жерде демалып жатқан қазақстандық туристер қол ұшын созды. Қазақстандағы «Мен алматылықпын» қозғалысының көшбасшысы Константин Авершин қаражат жинап, бір жарым мың долларға әйелдер мен балалаға арналған 150 жиынтық киімі мен азық алды.

«Біз, қазақстандықтар, Алматыдан келдік. Үнді бауырларымызға көмектескіміз келеді. Шын жүректен бәрі. Босқындар лагеріне бізді кіргізбеді. Отандастарымызың айтуынша, елде жағдай қиын», – дейді Константин Авершин.

http://stan.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<