Қазақстанның басым бөлігінде 3 мамыр күні жауын жауады

108

0

Қазақстанда алдағы тәуліктерде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде жауын шашын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып. 
«Қазгидромет» мәліметтері бойынша, жаңбыр тек елдің батысы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашын болмайтынын хабарлайды. Республиканың кей жерлерінде күн күркіреп, жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, түнде екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Түнде және күндіз жекелеген аудандарда тұман түседі. Ақмола облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел ұйтқиды, түнде және таң ата тұман түседі. Қостанай, түнде Павлодар, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысында күндіз бірқатар аймақтарда жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, шаңды дауыл да көтерілуі ықтимал. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түседі деп күтілуде.