Азиада-2018: Қазақстан үшінші алтыннан кейін жалпы есепте бір саты жоғарылады

235

0

Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы үшінші алтын жүлдені еншілегеннен кейін жалпы есепте бір саты жоғарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін велоспорттан жекелей сында қазақстандық Алексей Луценко жеңімпаз атанып, үшінші алтынды ел қоржынына салған болатын. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы жалпы есепте Моңғолияны артқа сырғытып, 12-ші орыннан 11-шы орынға көтерілді. Дәл қазіргі есеп бойынша Қазақстан еншісінде 3 алтын, 7 күміс, 19 қола медаль бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<