Азия чемпионы жеңіспен оралды

1006

0

Бүгін теміржол вокзалында дүбірлі той болды. Сыр халқы бокстан Азия чемпионы Нұрсұлтанды күтіп алды.

Демалыс күні екеніне қарамастан Сыр чемпионын күтіп алуға ниет білдірушілер өте көп болды. Перрон Нұрсұлтанның спорттағы ұстаздары, туған-туыстары, достары, өзі оқитын Қорқыт Ата атындағы университеттегі ұстаздары мен группаластары және жас боксшылармен толды.

Естеріңізге тағы бір сала кетейік, Тайландтың Бангкок қаласында бокстан 19-22 жас арасында өткен Азия чемпионатында ерлер арасында Сыр спортшысы 54кг салмақта Алтынбек Нұрсұлтан 1-орын🥇иеленген болатын.

Чемпионның жетістікке жетуіне жаттықтырушылары Сейтжан Төкенов, Жаңабек Әлиев, Жамил Жүсіповтың еңбегі зор.

Чемпионымыздан үлкен үміт күтеміз, алда Әлемді мойындатып, болашақта Олимп шыңын бағындырсын!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<