«Азық-түлік келісім шарт корпорациясына» жаңа басшы тағайындалды

304

0

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясына» жаңа басшы тағайындалды «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі шешімімен басқарма төрағасы болып Ринат Ақбердин тағайындалды. Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 
Ринат Олегович Ақбердин 1979 жылы 17 сәуірде Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Орынбор мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша, Еуропалық университетте (Швейцария, Женева) халықаралық бизнес саласындағы магистратураны бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы жеке құрылымдарда бастады. 2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етеді. ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының көмекшісі; ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының кеңесшісі; Павлодар облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары; Павлодар қаласы әкімінің аппарат басшысы болып қызмет еткен.
Сонымен қатар, түрлі жылдарда «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры – Басқарма мүшесі; Басқарушы директор – Басқарма мүшесі; «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары; «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры; «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға тағайындалғанға дейін Ринат Ақбердин «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшесі – Даму және сату жөніндегі басқарушы директор лауазымында еңбек етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<