Байланыс операторларына жауапкершілік күшейтіледі

392

0

Алаяқтардың қоңырауы үшін байланыс операторларына жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, байланыс операторларының өкілдері қатысуымен бірнеше кеңес өткізді. Қазір ұялы байланыс операторларлары ауыстырылған нөмірлермен шалынатын қоңырауларға тосқауыл қою мәселесімен айналысып жатыр. Бұл мәселе жылдың соңына дейін шешіледі», – деді Рүстем Дүйсетаев ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингте.

Оның түсіндіруінше, ауыстыру байланыс операторларының кез келген нөмірлеріне жасалуы мүмкін.

«Өкілетті органдармен бірге пластик карталарды бергені үшін жауапкершілік енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Сонымен қатар санкцияланбаған трафикті жібергені үшін байланыс операторларының жауапкершілігін қатаңдату мәселесі де қарастырылуда», – деді ІІМ өкілі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<