Балабақша педагогтерінің жалақысы 30 пайызға артады

525

0

Сурет ашық дереккөзден

Биыл қыркүйекте балабақша педагогтерінің жалақысы 30 пайызға артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім сапасы педаогтердің кәсіби құзіреттілік деңгейіне тікелей байланысты. Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында 98 мың педагог жұмыс істейді. Олардың 65,3 мыңының жоғары, ал 31 мыңының техникалық және кәсіптік білімі бар. Ауылдық жерде – 41 596, қалалық жерде – 55 811, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымда 58 203, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда 39 714 педагог еңбек етіп жүр. Мемлекет басшысы тәрбиешілердің мәртебесін көтеру, кәсіби әлеуетін арттыру және жалақысын көтеру міндетін қойды. Биыл мектепке дейінгі ұйымдардың 20390 педагогының біліктілігін арттыру жоспарланған», – деді ол Орталық коммункациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, соңғы төрт жылда тәрбиешілердің жалақысы кезең-кезеңімен 25 пайызға өсті. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап жалақы тағы 30 пайызға өсетін болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үздік тәжірибелерін тарату үшін 79 мектепке дейінгі ұйымдарда тұрақты негізде «Құзыреттілік орталықтары» жұмыс істейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<