«Біраз құпияның басын ашамын»: Ерке Есмахан көпшілікті ойландырып қойды

6

0

Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында тосын жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды paryz.kz.

Өнер иесі соңғы уақытта өзін қолға алып, ауқымды бір шаруаны аяқтағанын айтып, алдағы жаздың өзі үшін ерекше өтетінін жеткізді.

«Еріншектігім мен еркелігім басым болса да, өзімді қолға алып, үлкен шаруаны реттеп қойдым. Осы жаз ерекше қызықты болайын деп тұр мен үшін. Жақында біраз құпияның басын ашамын. Күтесіздер ма?», – деп жазды әнші.

Бұл жазба желі қолданушыларының қызығушылығын оятып, көпшілік әншінің қандай жаңалық жариялайтынын талқылап жатыр. Жанкүйерлері пікір қалдырып, алдағы құпиялардың ашылуын тағатсыздана күтетіндерін жеткізді.