Бишімбаевтың сот отырысына ресейлік танымал журналист Ксения Собчак ұшып келді

263

0

Сурет: Instagram/xenia_sobchak

Танымал ресейлік журналист Ксения Собчак Астанаға азаматтық әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жүргізіліп жатқан сот отырысына арнайы ұшып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тілші не болып жатқанын тікелей сот отырысы өтетін залда бақылайды.

Ксения Собчактың фотосуретімен және отырыстың өзге де қатысушыларымен Жоғарғы соттың баспасөз қызметі бөлісті.

2024 жылдың 4 сәуірінде Собчак Қазақстаннан тыс жерлерде де талқыланып жатқан атышулы іске өз пікірін айтқан болатын.

«Маған Қазақстанда әйелін өлтірген бұрынғы Ұлттық экономика министрінің сотта (және қоғамда) қалай қатты басылғаны ұнайды. Менің ойымша, бұл жақын арада бұрынғы ТМД-ның ең прогрессивті елі болады».

Экс-министрдің ісі елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр және судья болып осы соттың төрағасы Айжан Құлбаева тағайындалды. Күдікті ретінде Қуандық Бишімбаев пен оның ағасы Бақытжан Байжанов айыпталуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<