\»Болашағыңды бүгіннен баста\» атты тренинг өтті

298

0

Бүгін Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  облыстық «Жасыл ел» штабында тұрмыстық қатты қалдықтардың жеке түрлерін бөлек жинау, халық арасында түсіндіру бойынша «Болашағыңды бүгінннен баста»  тақырыбында тренинг өткізілді. Шараға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының  сарбаздары мен ерікті жастары қатысты. Тренингті «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу» басқармасының бөлім басшысы Болат Берікұлы жүргізді. Қатысушы жастар өздерінің ойлары мен сауалдарын жеткізіп, қызықтырған сұрақтарға жауап алып, еркін пікір алмасты. Тұрмыстық қатты қалдықтардың қайта өңдеу жұмыстарының жүргізілу процестері туралы ақпарат алып, қоршаған ортаға тұрмыстық қатты қалдықтардың қаншалықты зиян екенін білді. Жалпы іс-шараға 30-ға жуық ерікті жастар қатысып, сертификаттар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<