«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы биылдан бастап жыл сайын берілетін болды

335

0

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы биылдан бастап жыл сайын берілетін болды «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы бұдан былай екі жылда бір рет емес, жыл сайын беріледі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының құрылтайында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Дарын» мемлекеттік сыйлығы биылдан бастап екі жылда бір рет емес, жыл сайын берілетін болады. Қазіргі уақытта Үкімет осынау сыйлықтың иегері атанған жастарға берілетін сыйақының мөлшерін арттыруды қарастыруда», – деді Н.Ермекбаев.

Министр сонымен бірге өткен жылы ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған «Абай жолы ұлттық мектебі» жобасы қолға алынғанына да тоқталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<