Демалыс күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы көтеріледі

535

0

Сурет ашық дереккөз

Қазгидромет мамандары 20-22 мамыр аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді.

Осыған байланысты көп өңірде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, оңтүстік өңірлерде бұршақ сақталады.

20 мамырда батыста, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстікте, 20-22 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, республиканың оңтүстігінде дауыл соғады.

Қазақстан бойынша температуралық фон жоғарылайды.

Түнгі уақытта солтүстік-батыс және солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<