«Денсаулыққа зиян». Франция iPhone 12-нің сатылымына тыйым салмақшы

490

0

Сурет: pixabay

Франция радиация көрсеткішінің жоғары болуына байланысты iPhone 12-ні сатуға тыйым салуға ниетті екенін жариялады, бірақ Apple бұл тыйыммен келіскісі жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Францияның цифрландыру және телекоммуникация министрі Жан-Ноэль Барро Францияның радиацияны бақылау жөніндегі қызметі жүргізген сынақтар сәулелену көрсеткіші жоғары екенін көрсетті, деп хабарлайды Sky News.

Бұл арада жоғары көрсеткіш адам ағзасының радиожиілік сәулесіне ұшыраған кезде қабылдайтын энергия жылдамдығы деп түсіндіріледі.

Apple компаниясы зерттеу нәтижелеріне наразылық білдіріп, iPhone 12 әртүрлі халықаралық ұйымдардың сертификаттарына ие екенін және радиация саласында қолданылатын барлық нормалар мен стандарттарға сәйкес деп танылғанын айтты.

Компания Францияның қадағалау органына үшінші тарап жүргізген тәуелсіз зертханалық зерттеулердің нәтижелерін ұсынғанын айтты.

Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, өндірістен алынған телефон адамның қалтасында болған кезде бір килограмм салмаққа 5,74 ВТ энергия бөледі. Алайда, бұл – ЕО-ның 4 Вт делінген нормасынан асып түсетін көрсеткіш. Бұл ережелер ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне негізделген, оған сәйкес жоғары көрсеткіштер кейбір қатерлі ісіктердің қозу қаупін арттыруы мүмкін.

Министр Жан-Ноэль Барро iPhone 12-ні нормаларға сәйкестендіру үшін бағдарламалық жасақтаманы жаңарту жеткілікті екенін айтты, бірақ америкалық компанияға тез әрекет ету керектігін ескертті.

Apple компаниясы бұған екі апта ішінде жауап беруі тиіс. Әйтпесе, министр Франциядағы айналымдағы барлық iPhone 12-ні сөрелерден алуға бұйрық беремін деп доқ көрсетті.

Франция жасаған тұжырымдар ЕО-ның басқа мүшелерінің назарына жеткізіледі, бұл осы сипаттағы шараларды қабылдауға әкеліп соғуы мүмкін.

Apple компаниясы француздар жүргізген тексеру нәтижелерін жоққа шығарып, оның барлық техрегламенттерге сәйкестігін дәлелдеу бойынша жұмыстарды жалғастыратынын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<