Димаш Астанада жеке концерт беремін деп шешті (ВИДЕО)

348

0

Фото: жеке парақшасынан

Концерт мәдениет министрлігінің қолдауымен өтеді. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Димаш Құдайберген күзде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанада жеке шығармашылық кешін береді.

Концертті еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдап отыр. Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазды.

Құрметті достар! Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүниежүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп күтілуде. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «ДимашАли» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана аренада» менің «Stranger» атты жеке концертім өтеді. Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі. Менің ресми аккаунттарыма назар аудара жүріңіздер. Концертте кездесейік, достар!,-деп жазды Димаш Құдайберген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<