Димаш Құдайберген Құлсарыда еңбектеніп жүрген құтқарушыларға алғысын айтты

243

0

Фото: ТЖМ

Белгілі қазақстандық әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімінің қызметшілерімен кездесті.

Құтқарушылар қазіргі уақытта Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Димаш Құдайберген өзінің сапары барысында әскери қызметкерлерге қажырлы еңбегі үшін ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, аумақтағы авариялық құтқару жұмысына Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласының құтқарушылары, сондай-ақ ТЖМ, ҚМ және ҰҰ әскери қызметшілері мен ЖАО қызметкерлері жұмылдырылған.

Айта кетейік, кеше Ақтөбеге әнші Димаш Құдайберген келіп, № 40 орта мектептегі эвакуациялық пунктке барды. Онда тұрғындармен кездесті.

Сонымен бірге гуманитарлық көмек орталығындағы жұмыспен танысты. Мұнда еріктілер күні-түні жұмыс істеп жүр.

Әнші су тасқынынан зардап шеккендерге 15 млн теңге аударды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<