Домбыраның қоңыр үні бір сәтте күмбірледі

894

0

Қадыр Мырзалиев жырына қосқандай «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра». Талай тарих толқынынан өтсе де қазақтың қара домбырасы өзінің қадір-қасетін жоғалтпаған. Республика көлемінде барлық оқу орындарында білім алушыларды ұлттық рух пен отан сүйгіштікке тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтап, балалар арасында ұлттық музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған «Ұлттық челлендж» ұйымдастырылуда.

Челленджге қатысуда Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейде қалыс қалмады. Мектепте домбыра кабинеті ұдайы жұмыс жасап келеді. Бүгінде шәкірттер «Үкілі домбыра» үйірмесіне қатысып, төл өнерді дәріптеуге атсалысып жүр. «Ұлттық челленджде» оқушылар ۫«Балбырауын», «Ерке сылқым», «Сарыарқа» күйлерін тарту етті.

– Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра. Жалпы қазақтың өмірімен, қазақтың тағдырымен біте қайнасқан бұл домбыра. Домбыраның қоңыр үні әрбір адамға, әр қазаққа жағымды деп ойлаймыз. Біздің негізгі мақсатымыз – қазақтың даласы домбыраның үніменен ән салып тұрса, әрбір қазақтың баласы домбыра тартып үйренсе, білсе. Сол арқылы жастардың бойына отансүйгіштікті дарыту, – дейді Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің директоры Айгүл Алтынбекқызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<