Егіс алқаптарының 60 пайызы орылды – АШМ

483

0

Қостанай облысындағы өрт егіс алқаптарында елеулі шығын келтірмеді. Бұл жайында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

– Қостанай облысындағы өрт салдарынан шығын келтірілген егіс алқаптары ауқымды емес. Біз қазір комиссияның нәтижесін күтіп отырмыз. Атап айтқанда, бұл жағдай азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді, – деді Е.Қарашөкеев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол Қостанай облысы мен барша Қазақстан аумағында егіс алқаптарының 60 пайызы орылғанын айтты. 11,5 млн тонна астық бастырылған, оның ішінде бидайдың үлесі 9 млн тонна шамасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<