Елімізде заманауи геологиялық қор қоймасы салынады

464

0

Фото: pixabay.com

Сәуірде елорда әкімдігі геологиялық қор қоймасын салуға жер бөлмек. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров мәлім етті.

«Геология саласын дамыту факторларының бірі оның тиісті жағдайда қамтамасыз етілуі. Қазіргі уақытта Қазақстанның бұл саласы үшін геологиялық ақпаратты сақтаудың оның ішінде цифрлық түрде сақтаудың заманауи инфрақұрылымы қажет. Осы айда Астана қаласының әкімдігі геологиялық қор қоймасын салуға жер телімін бөледі», – деді Ерлан Ақбаров Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуынша, тиісті рәсімдерден кейін еліміз геологиялық ақпаратты сақтаудың заманауи инфрақұрылымымен қамтамасыз етілмек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<