Еліміздің 5 облысындағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін – Қазгидромет

245

0

Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасады. Кәсіпорынның болжамына қарағанда, бүгін 9-шы шілдеде Астанада түнде және таңертең тұ06ман түседі.

9 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық сақталады.

Ақтөбеде 9 шілдеде күндіз найзағай ойнайды.

9 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-42 градус ыстық болады.

Ақтауда 9 шілдеде 40 градус ыстық сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұруы ықтимал. Найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Семейде 9 шілдеде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

9 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұруы ықтимал. Сондай-ақ найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Өскеменде 9 шілдеде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

9 шілдеде күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус ыстық сақталады.

Атырауда 9 шілде күннің соңында найзағай ойнайды. Күндіз 35-37 градус ыстық болады.

9 шілдеде Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тауларда екпіні 15-20 м/с.

9 шілдеде түнде Қарағанды облысының шығысында, орталығында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қарағандыда 9 шілдеде түнде найзағай ойнайды.

9-10 шілдеде Жамбыл облысында тауда қатты жаңбыр жауады. 9 шілдеде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында, 10 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. 09-10 шілдеде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.

Таразда 10 шілдеде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. 10 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

9 шілдеде түнде Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнайды.

9 шілде күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Оралда 9 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

9 шілдеде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с.

Талдықорғанда 9 шілдеде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

9 шілдеде таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

8-10 шілде аралығында Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында таулы және тау етегіндегі аймақтарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі ықтимал, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескерту: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

8-10 шілде аралығында қатты жаңбыр жууы ықтималдығына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

9 шілде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

9 шілдеде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстын жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Алматыда 9 шілдеде кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.

Қонаевта 9 шілдеде кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<