ЭЛИЗАБЕТТІҢ ІЗБАСАРЛАРЫ

249

0

Бішкек қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен халықаралық турнирде жерлестеріміз тамаша өнер көрсетті.

Айтулы жарыста Қызылорда облысының құрама командасы  5 жүлделі орынды еншіледі. Қыздар арасында өнер көрсеткен жас мәнерлеп сырғанаушы Мелисса Пак алтын медальді жеңіп алды.

Мұз айдынында мың бұралған Нариман Молдабек, Бибінұр Дербісәлиева секілді өрендер турнир жеңімпаздары атанса, Диана Жармухамедова күміс, Темірлан Якияев қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, Манас Бекташов, Алина Жанділдаева, Амина Сұлтан, Ариана Дигай және Жансая Есен  жарысқа белсенді қатысып, шеберліктерін шыңдады.

№4 облыстық олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын спортшыларды жарысқа мәнерлеп сырғанаудан облыстың аға жаттықтырушысы  Лариса Давыдова дайындаған.

Осы бір сапардың өзі Сыр бойынан қазақ елінің спортын әлемге паш ететін әлі талай мәнерлеп сырғанаушының шығатынына шәк келтірмейді.

                                                                                        Р.ДҮЙСЕНҰЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<