Елорда мерекесіне арналған көрме

425

0

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Арқа төсіндегі ару қала» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Көрмеге танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мерекенің мәнін айшықтайтын рухани мұралар қойылды. Дәлірек айтқанда, еліміздің астанасының қазіргі келбетін, болашағын баяндайтын мол материалдар, Отанымыздың қарқынды дамып, мәдениетте, білім мен экономикада жеткен жетістіктерін паш ететін әдебиеттер, фотосуреттер  ұсынылды. Олардың қатарында Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «Еуразия жүрегінде», А.Смайылдың «Тарих таңдаған Астана», С.Түгелдің «Астана хикаялары», М.Жолдасбековтің «Тәуелсіздік тағылымы», «Астана жыр құшағында», Т.Омарбековтің «Қазақстан. Қазақ елі тарихы», Ж.Шахайдың «Жан жүрегім – Астана», З.Төреханованың «Ел жүрегі – ажарлы қала Астана» тәрізді әдебиеттер, фотоальбомдар және арманды ақиқатқа ұштастырған түрлі-түсті суреттер бар.

– Әлемдік қоғамдастықта еліміздің ауқымды істер атқарғандығын дәлелдейтін әдебиеттер осы көрменің төрінен табылды. Келушілер заманауи қажеттіліктермен қамтылған кітапхананың бүгінгі жай-күйімен танысты. Мереке қарсаңындағы бұл көрмеден келушілер өзіне қажетті мағлұматтарға қанықты, – деді кітапхана директорының орынбасары Бақытнұр Тәңірбергенқызы.

Дәулет ҚЫРДАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<