Этномедиацияның қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі айтылды

103

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Этномедиация кеңесі ұйымдастырған кездесу Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде өтті.

Кездесудің спикерлері – кеңестің мүшесі Жанна Мирамбекқызы мен «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Шахизат Абдраманова болды. Олар жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай атқарылатын жұмыстар мен этномедиация бағытындағы жоспарларды таныстырды.

Жиында этномедиацияның маңызы, оның қоғамдағы келіспеушіліктерді шешудегі рөлі мен қылмыстық атқару жүйесіндегі түрмедегі азаматтармен жұмыс істеу, олардың қайта қоғамға бейімделуі жөніндегі жобалар талқыланды. Сонымен қатар, этномедиация саласындағы әлеуетті жобалардың іске асырылуы мен оның қоғамның бірлігін нығайтудағы маңызы туралы айтылды.

Бұл кездесудің нәтижесінде облыс көлемінде этномедиация және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бағытында бірлескен бастамалар қолға алынбақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<