«Көкнәр-2018» шарасы аясында жұмыстар жалғасуда

219

0

Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы бағытталған «Көкнәр – 2018» жедел профилактикалық іс-шарасының өткізілу деңгейі жөнінде мәжіліс өтті.
Аталған жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбеков бұл жұмыс үнемі қатаң бақылауда болатындығын ескертіп, жауапты мамандармен бірлесіп жұмыс жасау қажет екендігін айтты.
Ағымдағы жылдың мамыр айында «Көкнәр – 2018» шарасы аясында ауданда жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен атқарылатын іс-шара бекітіліп, прокуратура, ішкі істер органдарының және тиісті мекемелердің өкілдерінен жұмыс тобы құрылған болатын.
Жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Б.Аймырзаев шара аясында ауданда атқарылған жұмыстар мен анықталған қылмыстарды баяндады.
Сонымен қатар, облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Бекзат Асқарұлы жиынға қатысты. Атқарылған жұмысты саралай келе алдағы уақытта жұмысты жандандыру қажет екендігін айтып, учаскелік полиция инспекторларына тапсырмалар жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<