
Мерейлі мерекеде өзара бауырмалдылықты, ауызбіршілік пен татулықты, мейірімділікті арттыру мақсатында өткізілген жарыста аудандық мешіт жамағаттарынан құралған он команда өзара бәсекеге түсті.

Жүлделі бірінші орын Әйтеке би кентіндегі «Әли-Муса» мешітінің командасына бұйырса, ІІ-орынды Қазалы қаласындағы «Жиенәлі ахун» мешітінің және ІІІ-орынды Әйтеке би кентіндегі «Қожаназар ишан» мешітінің құрамалары иеленді. Жарыс жеңімпаздары Қаржылай сыйақылармен және диплом, медальдармен марапатталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі