Көші-қон полициясы күні

616

0

Бүгін – Көші-қон полициясы күні. 1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасында болған өзгерістерге байланысты уақыт талабына сәйкес төлқұжаттық-визалық қызмет қайта құрылды.
Соның негізінде көші-қон полициясы құрылды. Органның қызмет құрылымы, міндеттері өзгерді. Қазақстанға келетін шетел азаматтары санының өсуіне байланысты олардың елде жүріп-тұру тәртібін реттеу қажеттілігі туындады. Президент Жарлығы бойынша тарихи отаны – Қазақстанға қоныс аударушыларға айрықша көңіл бөлінді. Заңсыз көші-қонмен, Қазақстанға шетел азаматтарының келу фактілерінің бұзылуымен күресу үшін 2002 жылдың сәуір айында «Рубеж» бірыңғай бөгеу жүйесі взводы құрылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<