Латын әліпбиі – өркениет жол

417

0

 №16 қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Латын әліпбиі – өркениетке жол» атты дөңгелек үстел өткізілді.

 Елбасы  Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» деген болатын. Латынға көшу – болашақ үшін жасалып жатқан жаңа бастама, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеу жолындағы өркениетті шешім.Шараға кітапхана саласының ардагерлері Р.Сисекеева, А.Нұржанова, Ж.Еңсебаева, Қызылорда қалалық қызмет көрсету және сервис колледжінің ұстаздары Ф.Нұрымбетова, А.Арыстанбек, кітапхана оқырмандары қатысып, «Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған шешім.  Алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылу үшін, жаңа технологияларды меңгеру үшін, ағылшын тілін тез үйрену үшін де латын әліпбиі керек. Латын әліпбиі біз үшін таңсық емес, бұрын да, әлі де ата-әжелеріміздің латын әліпбиінде жазылған кітаптарын кездестіреміз, сондықтан  латын әліпбиін үйренуде қинала қоймаймыз» деген өз ой-пікірлерін  білдіре отырып,  Елбасының сындарлы саясатын қолдайтындарын айтты. Сонымен қатар «Латын әліпбиі – өркениетке жол» атты кітап көрмесі дайындалып, қатысушыларға таныстырылды.

Ш. Күлмағанбетова,

№ 16 кітапхананың аға кітапханашысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<