Әлия Рақышева Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

349

0

Әлия Рақышева Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әлия Рақышеваны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<