Бүгін Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Студенттер сарайының OPEN SPACE кітапханасының мәжіліс залында «Ситуативті қазақ тілі: Мәміле» пікір алмасу клубының қазақ тілінің қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікке қосар үлесін талқылаған маңызды іс-шара өтті.
Шараның модераторы – Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Мукеев Азамат Ырысдәулетұлы өз сөзінде:
«Қазақ тілі – барша қазақстандықтарды біріктіретін құндылық. Тілді сақтау – ел болашағын сақтау», – деп атап өтті.
«Мәміле» клубының негізін қалаушы Тасибеков Қанат Ғалымұлы онлайн байланыс арқылы қосылып, «Мәміле» клубының тарихына шолу жасап, тілдің диалог пен достықтағы орнын атап өтті.
Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Абасилов Аман Мәделханұлы:
«Қазақ тілі – ұлт руханиятының өзегі, ұлттық құндылықтар жүйесінің тірегі. Ол – қоғамды біріктіруші күш» – деп, ғылыми-танымдық көзқарасымен бөлісті.
Жүнісов Абайбек Талғатұлы, «Қазақ тілі» қоғамының өңірлік төрағасы:
«Тілді құрметтеу – Тәуелсіздікті құрметтеу. Біз жастарға тіл арқылы ұлттың рухын жеткізуіміз керек» – деді.
Мишукова Наталья Валентиновна, тіл жанашыры:
«Мен үшін қазақ тілі – достықтың, бірліктің тілі. Бұл тіл – менің жан дүниеме жақын» – деп, шынайы сезіммен бөлісті.
«Қоғамдық келісім» мекемесінің Тіл бағытын үйлестіруші Гүлзира Сәрсенбек қазақ тілін дәріптеудегі жобалар мен бағыттарды атап өтіп, ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, қазақ тілінің қоғамдағы рөлін арттыру жолдарын бірлесе талқылады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<