Мемлекеттік қызметшінің әдебі

332

0

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаевтың және Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Б.Ідірісовтың қатысуымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында Б.Байхожаев «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары және Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі туралы» тақырыбында баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілер тарапынан жиі орын алған бұзушылықтар туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру, қорғау бағытында атқарылып жатырған шаралар туралы айтып өтті.
Өз кезегінде, Б.Ідірісов «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлқы нормалары» қалталы кітапшасымен таныстырып, аталған кітапшаларды жиынға қатысушыларға табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<