Мобильді аударым: Тұтынушылардан қанша шағым түсті

587

0

Фото: ҚР Қаржы министрлігі

Жыл басынан бері Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне кәсіпкерлердің мобильді аударымдар арқылы төлем жасаудан бас тартуына қатысты 10 өтініш келіп түскенін, деп Kazinform.

«Тұтынушылар негізінен сатушылардың төлемді тек қолма-қол есеп айырысу арқылы жүзеге асыру талаптарына, сондай-ақ POS-терминалдардың (төлем карталарын төлеу үшін қабылдауға арналған электрондық бағдарламалық-техникалық құрылғы) болмауына шағымданады. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес тұтынушылардың қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша төлем әдісін таңдау мүмкіндігі бар (банк картасы арқылы, QR код арқылы төлеу)», – деп жазылған министрліктің редакция сауалына жолдаған жауабында.

Ведомстводағылар мобильді төлемнің заңды тәсілдерімен ақша қабылдаудан бас тарту әрекеті қай заңның қай бабына қайшы екенін де айтқан.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 720-бабы бойынша, мемлекеттік кіріс органдары аударымдарды қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкалары арқылы төлем қабылдаудан бас тартуын осы кодекстiң 194-бабы бойынша қарайды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, барлық келіп түскен өтініштер құзыреті бойынша ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 65-бабы 1-тармағына сәйкес жан-жақты қарастыру және тиісті шаралар қабылдау үшін әрі қарай жолданды», – делінген министрлік мәліметінде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<