Мәскеуде тағы бір сауда орталығынан өрт шығып, бір адам қаза тапты

259

0

  Мәскеудің шығысында «Персей для детей» сауда орталығы өртеніп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, өрттен бір адам қаза тауып, үш адам зардап шеккен деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.
Агенттіктің мәлметінше, қаза болған адам сауда үйінің қызметкері. lenta.ru-дың хабарлауынша, өрт орталықтың төртінші қабатындағы ойыншықтар қоймасынан шыққан. Адамдардың жарты бөлігін сауда орталығын басқа ғимаратпен жалғап тұрған өтпелі галерея құтқару баспалдағы арқылы эвакуациялаған. Түтінді жою жүйесі штаттық түрде жұмыс істеп тұрды.
Шамамен 300-ден аса адам ғимарат ішінен эвакуацияланған. Қазіргі уақытта 80 шаршы метр көлеміндегі өрт ауыздықталды. Сауда орталығы Малая Семеновская көшесіндегі 28-ші үй ғимаратында орналасқан. Оның төртінші қабатында балаларға арналған ойын бөлмесі, шаштараз бен студия болды.
Еске сала кетейік, жақында Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығынан шыққан алапат өрт талай адамның өмірін қиған болатын. «Зимняя вишня» мен «Персей для детей» орталықтарындағы өрт екі ғимараттың да төртінші қабатынан бастау алған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<