Нұрқанат Әжіқанов каратэден Азия чемпионы атанды

298

0

Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында каратэші Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) алтын медальді жеңіп алды.

Ол кумите бойынша финалда иорданиялық Хассан Масарвехті мерзімінен бұрын жеңді (8:0).

Бұл Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы сегізінші алтын медалі және бүгінгі үшінші бас жүлде.

«Бірінші, екінші ойындарым сәл ауыр болды. Өйткені каратэ спортынан мен бастадым. Сондықтан басы жақсы болса, әрі қарай бәрі жақсы болады. Ең бастысы біріншісін жақсы бастау керек болды. Одан кейін ашылып, финалда осындай нәтиже көрсетіп жатырмын. Бұл менің ғана жеңісім емес, бұл барлық команданың жеңісі. Ұлттық федерация бапкерлері бар, бәріміздің бірігіп жасаған жұмысымыз», – деді Нұрқанат Әжіқанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<