Өңірлік орыс қауымдастығының төрағасы тағайындалды

726

0

2023 жылдың 19 мамырынан бастап «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып Мишукова Наталья Валентиновна тағайындалды.

Мишукова Наталья Валентиновна 1999 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін Орыс тілі мен әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Білімі жоғары.

Еңбек жолын 06.2000 – 09.2001 -№3 мектеп гимназиясында орыс тілі және әдебиет мұғалімі болып бастаған. 09.2001 – 05.2010 -«Парасат» жеке мектеп директорының орынбасары; 05.2010 – 09.2011 -№144 мектеп гимназиясы, орыс тілі және әдебиет мұғалімі; 09.2013 – 10.2014 -«Дамир» Балабақшасы» ЖШС директоры; 10.2014 – осы күнге дейін -«Сердце Томирис» Балабақшасы» жеке мекемесінің директоры; 03.2016 -«Сыр Балажаны» мектепке дейіңгі орталығының меңгерушісі; 08.2016 – 12.2022 -Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы Қызылорда филиалының төрайымы; 05.2017 – 12.2021 -Іскер әйелдер кеңесі Төрайымының орынбасары; 06.2017 – «Бастау Бизнес» жобасы бойынша сертификатталған бизнес тренер; 12.2022 – «Мансап» жеке мектеп құрылтайшысы; 04.2019 – «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы қызметін атқарған.

2019 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгі., 2015 жылы «Ізгі жүрек» белгісі иеленген; 2017 жылы «Жылдың үздік бизнес тренері» атанған; Астана, облыс, қала, аудан әкімдерінің алғыс хаттары, «Атамекен» ҰКП Құрмет грамотасы, басқарма төрағасының алғысын алған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<