Қол добынан V облыстық ашық біріншілік

280

0

Астана қаласының 20 жылдығына және Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Жалағаш ауданындағы З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектепте қол добынан V облыстық ашық біріншіліктің ашылу салтанаты өтті.

Жарысқа Қызылорда қаласынан және барлық аудандардан спортшылар қатысуда. Турнирде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Ержанов, облыстық гандбол федерациясының вице-президенті, қол добы спортының аға жаттықтырушысы Ким Вячеслав сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мадияр МАХАМБЕТҰЛЫ,

 Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың

                        4-ші курс студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<