ОҚО-да құрылыс материалдарының көрмесі өтуде

334

0

Шымкентте «Shimkent Build 2018» деп аталған құрылыс және интерьер көрмесі өтіп жатыр. Оған саладағы озық технологияларын сапалы өнімдер мен инновациялық жобаларын көрсету үшін еліміздің өндірушілерімен қоса Өзбекстан мен Ресейден келген 30-ға тарта кәсіпорын қатысуда.

Десе де, көрмеде отандық тауарларлардың үлесі басым. Онда әрлеу материалдары мен түрлі құрал-жабдықтар, лак-сыр өнімдері қойылған. Құрылыс техникалары мен жылыту, сумен қамту жабдықтары да бар. Бүгінде мемлекет қаржысымен қолға алынған құрылыс жұмыстарында 90 пайыз отандық өнімдер пайдаланылады. Бұл – мердігерлерге қойылған талап. Сондықтан да тауарлар сапалы әрі төзімді болуы тиіс. Көрмеге сондай материалдар қойылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<