Оқушылар көктемде қанша күн демалады?

999

0

Оқу-ағарту министрлігі 9 күнге созылатын көктемгі демалыс күндерін жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

«Оқушылардың көктемгі демалысы 2023 жылдың 18 наурызы мен 26 наурыз аралығында, яғни 9 күн демалады», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

2022 жылғы желтоқсанда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді.

Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығы:

1-11 (12) сыныптардағы оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың ұзақтығы:

1 тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі каникул – 7 күн (31 қазан мен 6 қараша аралығы);

2 тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 9 күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін);

3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 9 күн (18-нен 26 наурыз аралығы);

4 тоқсан – 10 оқу аптасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<